Орыстың АвтоВАЗ-ы Қазақстанда көліктерін құрастыруын жалғастыру жоспары туралы хабарлады.
21-ші ғасырда, бүкіл әлем жаппай электромобильге, жоғары технологиялық, қауіпсіз көлікке мініп жатқанда қазақтар неге орыстың артта қалған, қауіпті кәритасымен жүруі керек?
Естеріңізде болса, өткенде Алматыдағы әл-Фараби даңғылында жүк көлігі BMW көлігін оңдырмай соғып, ауыр жол апаты болған. Жүргізуші жағынан соқса да, көлік рөліндегі жігітке дым да зақым келген жоқ. Егер әлгі BMW-ның орнында кез келген Lada көлігі болғанда, бұл апаттың немен тынарын ішіңіз сезетін шығар?
Белсенді Санжар Боқаев былай дейді:
– Қазіргі түріндегі Lada көліктерін қолданыстағы заңдар бойынша Қазақстанда тіркеуге болмайды. Бірақ ресейлік компанияның мүддесі үшін Қазақстан үкіметі нормативтік-құқықтық базаға түзету енгізетін болыпты. Ресейдің дегенімен жүретін Қазақстан билігі. Ескірген, даңғыр-дұңғыр еткен ресейлік көліктерді шығару үшін біздің билік заңын өзгертпек!
Lada-ның құнына парапар ақшаға қазір тәп-тәуір, сапасы мен қауіпсіздігі әлдеқайда жоғары келетін заманауи қытайлық көлік сатып алуға болады. Рас!
Жер бетінде өз халқының қауіпсіз, жайлы автокөлік мінгенін қаламайтын екі-ақ мемлекет бар. Ол Ресей мен Қазақстан.
Пікір қалдыру