Медведевті «Ақ үй» ауласынан қайтарды

/uploads/thumbnail/20170708200515082_small.jpg

Ресей мен АҚШ арасындағы түсінбеушілік түйінін табар емес. «Эксперимент полигонына» айналған Сирия мемлекетіндегі жанжалға қатысты тағы бір шу шығып отыр. Мәскеу елдің премьер-министрі Медведевті Ақ үйге жібермек болған. Мақсат- біреу. Мәскеу Сириядағы қақтығыста «ИГИЛ»-ге қарсы күресте  АҚШ-тан көмек сұрады. Алайда Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джош Эрнест Мәскеудің бұл қадамын шарасыздық  деп атап отыр. Сонымен қатар, олар Дмитрий Медведевті қабылдаудан бас тартты.

            Осыған орай ресейлік Премьер туған күні қарсаңында Ақ үйдің ауласынан қайтты деуге толық негіз бар.

            Вашингтон мен Мәскеу  Сирияда әуе шабуылдарын жасап жатқандықтан екі ел әскерилерінің «абайсыздықтан қақтығысып қалуын болдырмау» туралы келіссөз жасасып жатқан. Алайды келіссөзді кеңейтуге АҚШ қарсы. Себебі олар Мәскеудің Башар Асадты қолдағанын қаламай отыр.

            Мәскеудің шарасыздықтан мұндай қадамға баруы күтілген дүние деп хабарлайды Вашингтон.

            Мәскеу өз кезегінде келіссөздер  межесіне жетпегенін «өкінішті» деп бағалады.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар