Директор буллинг, министр челлендж жасады

/image/2023/09/29/crop-252_6_1065x1419_screenshot_3.jpg

Ақтаудағы №3 мектептің 11-ші сыныбында оқитын қыз бала мектеп әжетханасында өмірі болмайтын дәретхана қағазы мен сұйық сабынды көріп, сол туралы 20 секундтық видео түсірген:

"Комиссия келе жатыр да біздің мектепке. Үш туалеттің үшеуінде де дәретхана қағазы тұр ғой! Ол ол ма, тіпті қол жуатын жердегі сабын салғыштың ішінде сұйық сабын толып тұр. Былай негізі сабын болмайтын", деген қысқа ғана сөзін қосып, желіге жариялапты.

Сөйтсек, әлгі қағаз бен сабынның шынымен де балалар үшін емес, комиссия үшін тұрғанын жария етіп қойғаны үшін мектеп басшылығы оқушының олимпиадаға қатысуына тыйым салып, әке-шешеңе айыппұл саламыз деп қорқытыпты.

Бұл мектептің директоры – Қуанышева Гүлмира Балабаевна деген кісі.

Екінші видеода әлгі қыз жылап отыр:

"Әке-шешеңе штраф саламыз, жарыстарға бармайсың деді. Намысыма тиетін сөздер айтты. Неге өйтеді", деп күйінеді.

Жасыратын несі бар, Қазақстанда мемлекеттік мекеме атаулының бәрі тек тексеріп келетін комиссияның көзін бояу үшін жұмыс істейді.

Қазақтың мектебі қазақ баласын ең алдымен тәртіпке, адалдық пен жауапкершілікке тәрбиелеуі тиіс еді-ау...

Бірақ Қазақстанның бүгінгі жүйесінде барлық салалардың іріп-шірігені сонша, шындықты айтқаны үшін ендігі мектептегі балаларды жазалай бастаған екен.

Ал Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев болса, бүгін Фейсбукте мұғалімдер күні мерекесіне орай, Нұртөре Жүсіп, Асхат Аймағамбетов, Тамара Дүйсенова, Аида Балаева, Саясат Нұрбек, Ажар Ғиниятқа «Ұстазым менің, ұстазым!» атты челлендж жолдады.
Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар