АҚШ-тың Техас штатында жаңа ғасырдың басындағы ең атақты қылмыскер саналған Личо Эскамилья өлім жазасына кесіледі. Бұл Техастағы соңғы бір жыл ішіндегі 12-ші өлім жазасы болады. Бұл туралы «Қамшы» порталы хабарлайды.
Эскамилья 2001 жылы Даллас қаласында полицейді атып өлтіргені үшін өлім жазасына тартылған болатын. Енді араға 14 жыл салып жаза жүзеге аспақ.
Личо Эскамилья қазір 33 жаста. Айта кетуіміз керек, өлім жазасы қазір әлемінің санаулы елдерінде ғана қолданылады. Бұл жазаға Қазақстанда да мораторий жариялағанды. Біздегі ең ауыр жаза «өмір бойы бас бостандығынан айыру» жазасы.
Эскамилья түнгі клубтағы төбелес барысында келген полицейлерге қарсы қару кезеніп, екі тәртіп сақшысына қарсы оқ ашып, біреуінің миын шашқан. Ең қызығы, АҚШ-тың атақты белсенділері бұл жайтқа үнсіз қарап отыр.
Пікір қалдыру