Қазанның 13-ші жұлдызында футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Латвия құрамасын сырт алаңда тізе бүктірген болатын. Бұл ойын Красножан командасы үшін ешқандай маңызға ие емес еді. Бар болғаны 5-ші орынға тұрақтағанымыз болмаса. Ақиқатына келсек, Қазақстан құрамасы биыл өте сәтті ойын көрсетті. Азулы қарсыластардың барлығына тегеурінді қарсылық көрсете алдық. Бұл туралы «Қамшы» порталы хабарлайды.
Биылғы маусымда біздің құраманың қарқыны еуропаның біраз басылымдарында жарық көрді. Тек қана мадақтар естідік. Енді міне соңғы ойын. Бұл ойын түк те шешпеді дедік. Бірақ бұл тек қана Қазақсан үшін. Ал, жалпы нәтижеде А тобында бұл біраз сенсациялардың бастамасы болды.
Неге дейсіз бе? Себебі осы жеңісіміз бауырлас Түркия елін Еуропа чемпионатының ақтық сынына тура алып шықты. Ал недерландықтар өз кезегінде топтан шыға алмай қалды. Әлем чемпионатының қола жүлдегерлері үшін бұл ауыр соққы болғаны анық еді. Ал, Түркияның ең үлкен басылымдары Қазақстан құрамасымен қазақ еліне зор рахметтерін жеткізіп әлек.
Ойын барысына тоқтала кетсек. Есеп 0:1 Қазақстан құрамасының жеңісімен тынды. Біздің құрама бұл күні барлық жағынан биік тұрды. Өткір шабуыл, тас қамал қорғаныс... Латвия құрамасымен біз бұған дейін төрт ойын өткізіппіз. Екеуі тең нәтиже, екеуі біздің жеңіліспен аяқталған. Осыған қарағанда Қазақстан Латвияны жеңеді дегендерге ешкім сенбегенге ұқсайды. Үміттенгедері болмаса. Ойындағы жалғыз голдың авторы Исламбек Қуат. Құраманың ең үздік жартылай қорғаушыларының бірі. Исламбек ұлттық құрама сапындағы соңғы екі кездесуде екі гол салды. Астанадағы үлкен футбол кешінде Недирландия кұрамасының қақпасын дәл көздеген де осы Исламбек еді.
Түркиялық әріптестеріміз де Исламбектің ойынын өте жоғары бағалауда. Әлеуметтік желілерде де ұлттық құраманың жартылай қорғаушысына деген құрмет пен сый сәт санап артуда. Мәселе түркиялық бір азамат: «егер жарым ұл туса есімін Исламбек деп қоямын»,- деп жазыпты. Жазбалардың ішіндегі ең әсерлісі біз үшін «бір гол салып 80 миллион бауыр тапты» деген пікір.
Түркиядағы спорт жорналшысы Ахмет Текен өз сөзінде: «күллі қазақ бауырларға алғыс айтамыз. Ойында үздік ойын көрсеткен Исламбек Қуатты түркияның белді командаларының сапынан көргіміз келеді»,-деді. Ислабектің келесі маусымды Түркияда жалғастыруы мүмкін деген ақпарат қазір жан-жақты талқыланып жатыр. Ол «Қайрат» сапынан ауысады ма, жоқ па ол уақыт еншісінде. Әзірге айтарымыз осы: жеңіс құтты болсын ағайын! Қамшыдан қадір кетпесін...
Аян Мейраш
«Қамшы» сілтейді.
Пікір қалдыру