Қазақфильмнің бұрынғы президенті жемқорлық күдігіне ілінді

/image/2023/11/15/crop-22_30_1109x1971_4381646_0_177_3504_2158_2072x0_60_0_0_38ab5da6422176219bc56c6cdd83d54b.jpg

Антикор Шәкен Айманов атындағы Қазақфильмнің бұрынғы президенті жемқорлық бойынша күдікке ілінгенін хабарлады. 

– 2017 жылы Алматы облысының Іле өзен жағасындағы «Көшпенді» киножобасы аясында салынған жасанды «Түркістан» бекінісі Мәдениет және спорт министрлігінің бұрынғы басшылығымен үлестес коммерциялық ұйымның нарықтық құнынан 44 есе төмен бағамен сатылған. Қазіргі уақытта осы активті және жер учаскесін мемлекетке қайтару бойынша шаралар қабылдануда, – делінген хабарламада.

Еске салсақ, 2015-2019 жылдары Қазафильмді Бақыт Қайырбеков басқарған.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар