Батырхан Шүкеновтың отбасы далада қалды

/uploads/thumbnail/20170708200635223_small.jpg

Марқұм әншінің артынан қалған жары мен ұлы үйсіз-күйсіз күн кешіп жүргені туралы Батырханның жақын досы, жорналшы Отар Кушанашвили prozvezd.info порталына мәлімдеген.

            «АҚШ-та оның әйелі мен ересек баласы қалды. Ақиқатын басынан ашып алайық. Катя да, олардың ұлы да Отанына қайтудан үзілді-кесілді бас тартып отыр. Олардың үйлері салынып бітуге таяу. Таяу, бірақ үй соңына дейін салынбаған. Ал АҚШ-та ақшаң болмаса тайып тұр дейтін қағида бар. Олар қазір достарының үйін паналауда»,-деді ресейлік шоумен.

            Алғашында Батырхан Шүкенов жұбайы мен баласының шығынын өзі төлеп отырған. Дәл қазір оның отбасында ондай мүмкіндік жоқ екен. Бұл ақпаратты «Қамшы» порталы NUR.KZ-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды. Қазіргі таңда бұл мәселені Батырхан Шүкеновтың директоры шешуге тырысып жатыр.

            Қазіргі таңда Батырдың 14 жастағы ұлы Мақсұт Шүкенов пен Катя АҚШ-тың Флорида штатындағы Сарасота қаласында тұрады. Батырхан өзінің ұлына үлкен үй салып бергісі келген екен. Тіпті құрылысқа ақша да салған. Бірақ ол мезгілсіз өмірден өтіп кеткеніне байланысты, құрылыс жұмыстары тоқтап қалған.

            «Біз қазір бұл мәселені шешуге тырысып жатырмыз. Батырхан Шүкенов атындағы қоғамдық қор арқылы бірнеше жобаларды жүзеге асырып, сәл де болса Батырдың отбасына көмектеспек ойымыз бар. Үлкен үй ала алмасымыз анық. Бірақ шағын пәтер алып берсек пе дейміз. Қазір әншінің атындағы қоғамдық қор жұмыс жасап жатыр. Алайда, ешкім қолдау көрсетпеуде. Демеуші де жоқ, меценаттар да көрінбейді. Тек 40 шақты қарапайым адамдардың арқасында 1600 АҚШ долларын жинағанымыз болмаса»,-деді марқұм әншінің директоры Олжас Байканов.

            Директордың сөзіне сенсек,  ол Батырханның әнтаспасын қайта шығаруға мүдделі. Оның үстіне еске алу концерттері де бар.

            Естеріңізге сала кетейік, еліміздің ең белді музыканттарының бірі Батырхан Шүкенов осы жылдың сәуір айында жүрек талмасынан марқұм болан.

            P.S. Батырхан Шүкенов өмірден өткенде ел дүр сілкінгені есімізде. Қазақстан мен Ресейдің барлық жерінде әншіге дұға бағышталып,  оны қабырғасы қайыса жоқтағандар көп болды. Әншінің досы мен директоры қандай емеурін білдіріп отыр?Артында қалған шаңырағы елге аманат дегені ме? Ендеше олар неге Отанына оралмайды? Біз үшін ардақты есімге айналған әншінің атын қолданып, ақшаға айналдыру қаншалықты дұрыс?

 

Аян Мейраш

 

Қатысты Мақалалар