Президент Қ.Тоқаевтың «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында өткен жылғы маңызды оқиғаларға, еліміздің экономикасын дамытудағы нақтылы атқарылған істерге тоқталып, баға берілген. Әлеуметтік бағыттағы түйткілді мәселелерді шешудегі қабылданған Әлеуметтік кодекс – мемлекетіміздегі осал топтағы азаматтарға кешенді түрде қолдау көрсететін жан-жақты, әрі уақытылы қабылданған құжат екені айтылды. Осы тұрғыда атқарылған істер қатарына еліміздің түкпір-түкпірінде бой көтеріп жатқан білім ошақтары, денсаулық сақтау нысандары салынып жатқандығы, зиянды еңбек жағдайындағы жұмыс істейтін қызметкерлерге арнайы төлемақы енгізілуі, медицина қызметкерлері мен педагогтердің жалақысы өсуін айтуға болады. Бұл шаралардың бәрі де ел мүддесі үшін жасалып, халық көңілінен шыға білді.
Сондай-ақ президент бұл игі бастамалар тұрақты мақсатымызға жету үшін жоспарлы түрде алдағы жылы да өз жалғасын табатынын айтылды.
Президент сұхбатында айтылған маңызды мәселердің бірі – 2029 жылға қарай жалпы ішкі өнімді қазіргіден екі есеге арттыру мәселесін басты стратегиялық мақсат ретінде белгілеуі. Еліміздің экономикалық өркендеуі жолында бұл уақытылы әрі дұрыс қабылданған мақсат екені сөзсіз.
Сұхбатта президент Қ.Тоқаев экономикалық, қоғамдық-саяси және гуманитарлық салаларда атқарылатын жұмыстарды атап көрсетіп, олардың маңыздылығына тоқталды. Жоспарланған бұл шаралардың қай–қайсы болмасын тұтас ұлттың өсіп-өркендеуіне қосар үлес екені айтылды.
Президент сұхбатында айтылған кез келген мәселеге байыптай қарасақ, әрбір қойылған мақсат пен межеге жету үшін ең бірінші адалдық, жауапкершілік, ұлтымызға деген құрмет қажет екеніне баса мән берілген.
«Ұлтымыз өсіп-өркендесін десек, біз жақсыдан үйреніп, жаманнан жирене білуіміз керек. Қоғамда еңбекқорлық пен жасампаздық жоғары бағалануға, білімпаздық пен жаңашылдық салтанат құруға тиіс», - деп адам бойындағы ең басты қасиеттерді орынды көрсете білді. Президентіміз атап өткен, тәуелсіз елімізді дамыту жолындағы басты мақсаттарға жету жолында адал әрі қалтқысыз қызмет ету, өз үлесімізді қосу – әрбіріміздің азаматтық парызымыз. Сұхбатта айтылғандай тек қана алға қарап, алысты көздейтін мақсаттарға ұмтылуымыз керек. Сонда ғана келешегіміз жарқын болмақ!
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті
ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының оқытушылары:
Ж.Т. Ибраимова, Г.М. Мужигова, С.А. Нусупбаева
Пікір қалдыру