Алматыда аудан әкімінің орынбасары 14 млн теңге парамен ұсталды

/image/2024/01/04/crop-114_6_729x971_58693ff59e8f7fff6846106904bcf51d_original.99610.jpg

Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің хабарлауынша, Жетісу ауданы әкімінің орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Ол жергілікті кәсіпкерлерден 14 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілікті.

Ол ақшаны мемлекеттік сатып алу шарттарын жасасуға, орындалған жұмыстар актілеріне қол қойғаны үшін алған екен. 

Тергеу сотының санкциясымен күдікті қамауға алынды.

Тергеу жалғасуда.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

пара


Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар