Шала қазақша оқулықтарды енгізудің арғы жағында қандай мақсаттар бар?

/image/2024/01/25/crop-13_7_608x983_bilim-3.jpg

Уалшық, шеңбірек сөздері де, қазақ   тілінде болмаған сөздер. Уалшық сөзінің мағынасын, нанның үгіндісі деп түсіндіргендерімен, сөздің өзінің шығу төркінін түсіндірмеген. Нанның үгіндісі, ұсағы, қоқымы сөздерінің ешқайсысы айтылуы жағынан уалшық сөзіне жуықтамайтындықтарына қарағанда, бұл сөз өзбекше сөздердің біреуінен бұрмаланған (Балчиқ, олчиқ т.б.) Шеңбірек сөзі – қазақша сөздерден бұрмаланған (Шеңбер жасап (қазақша)-шеңбіректеп (шала қазақша), шаңырақ – шаңғырақ, жер ұйығы -жер үйік, мыжырайған -мыжырық, аурушаң -ауыршақ т.б.)

Мереке    (қазақша)-мейрам    (шала    қаз-а).    Өзбекше: Байрам, береке (қаз-а) – берекет (шала қаз-а). Өзбекше: Баракат, сәкі (қаз-а) – тапчан (шала қаз-а). Өзбекше: Тапчон Бастауыш қыластардың оқулықтарындағы келтірілген мысалдардың жартысын оқулық иелері (шала қазақша: Авторлары) өздері құрастырған. Құрастырғанда қалай құрастырған?  Оқулық иелерінің жазған сөздері мен сөйлемдерінің құрылысына, мағынасыздығына     қарай отырып, оқулықтардың шала қазақ тілінде жазылғанын көреміз. (Жатын бөлме, тыйым    сөздер,    нәтиже   сабақ, дәйексөз,сөйлемнің сызбасы,оқу басылымы,  жол жомарттығы, диалогты жалғастырыңдар, сенің  берген жауабың екі сөйлемнен тұрады, олар сөйлеуді құрайды, тосынсый,топсеруен,ашықхат, көркемсөз, «х» еліне саяхат, Жүсіп Баласағұни (дұрысы: Жүсіп Баласағұн), Игунеки, сыйласым (дұрысы: Сыйласу), құттыханаң осы, менің (досымның) сүйікті ертегілерім т.б.). Мысал ретінде алынған осы сөздердің ішінде түсінікті тілде жазылған бір сөз жоқ. Шала қазақ тілінің жатын сөзі – бір буынын (-та) жоғалтқан «жататын бөлме» сөзінің бұзылған түрі болса, сыйласым сөзі – қазақ тіліндегі тұйық етістіктің шала қазақ тілінде айтылатын түрі. (Ауысу – ауысым, төлеу – төлем, сатылу – сатылым, сыйласу – сыйласым, өткізу – өткізім т.б.). Олай болса, оқушыларға мектепте нені оқытып жүр? Шала қазақ тілінде құрастырылған оқулықтардан оқушылар қандай білім алады? Шала қазақша оқулықтарды оқу жүйесіне енгізудің арғы жағында қандай мақсаттар бар? Жататын бөлмені – жатын, шаңырақты (үйді) – құттыхана,кішкентай жыраны – жырақана, жарысқан аттарды – келатқан ат, қыратты – қынарда, мақал–мәтелдерді – дәйексөз, оқулық кітапты – оқу басылымы, жерді айнала ұшуды – шеңбіректеп деп үйрету, бұл оқушыларға тіл үйрету емес, тілдерінен айыру, тілдеріндегі дұрыс сөздерді ұмыттыру. Сөздік құрылысы мен айтылуы жағынан қандай тілдер тобына жататынына қарамастан, қазақ тіліне тез оқып, тез сөйлеуді (скорочтение) үйрету әдісін білім саласына (мектептерде) енгізудің қандай қажеттілігі болған. Қазақ тілі, сөздері тез айтылатын тілдер тобына жатпайды ғой. Сөздері өте тез айтылатын тілдер тобына қытай, кәріс сияқты ұлттардың тілдері жатады. Қытай сияқты ұлттардың тілдік сөздерінің құрылысы көбінесе екі немесе үш әріптен құралады. Қазақ тілінің сөздеріне қарағанда, өзбек тілінің сөздері, құрылысына байланысты, әлдеқайда тез айтылады. Қазақ тілінде екі–үш сөзбен айтылатын күрделі етістік сөздер, өзбек тілінде бір сөзбен, дара етістіктер түрінде айтыла береді. Қайтып келе жатыр – келеябди, бара жатыр бараябди т.б. Сонда қазақ тіліне қолдануға болмайтын бұл әдіс қалай енгізілген? Оқулықтардағы сөздердің әріптерін түсіріп жазу (үлесед, кетед, барад, қыды т.б.) әдісі мен тез оқыту әдісі бір – біріне ұқсамайтын тәсілдер (Бірі жазу үлгісінде, екіншісі айту үлгісінде). Сөздердің әріптерін түсіріп жазу үлгісінде, тілді бұзу әрекеттері, сөздердің дұрыс жазылу ережесін (орфограпия) ашық түрде бұзғандарынан көрінетін болса, тез оқыту үлгісінде мұндай әрекет көзге көрінбейтін жасырын түрде өтеді. Бірақ екі тәсіл де, қазақ тілінің сөздерін, өзінің тілдік дыбыс үндестігіне сай бірқалыпты айтылуынан шығарып жібереді. Әріптері жетіспейтін сөздерді оқытқанда да, тез айтқызғанда да, сөздердің буындарына дұрыс бөлінуі, дұрыс екпін түсірілуі бұзылады. Бұның бәрі сөздердің дұрыс дыбысталып шықпауына әсер етеді. Айтылғанда бұзылып шығады.

(Ап-пай, Аб-бай, бар ат, қал-ат. Дұрысы: А+пай, А+бай, ба+ра-ды, қа+ла+ды т.б.) Қазақ тілінің қазіргі жағдайы түсініктірек болу үшін, шала қазақ тілінде құрастырылған оқулықтардың (шала қазақша: Оқу басылымы) кейбір сөздеріне тағы да тоқтала кетейік. Мысалы: (1) Нәтиже сабақ, (2) тыйым сөз – мағынасыз сөйлемдер. Бірінші сөйлемде сөздер орындарына дұрыс қойылмаған және соған байланысты жалғауларынан айырылған. Дұрысы: Сабақтың нәтижесі. Нәтиже сабақ – сөздердің орындарына дұрыс қойылмауынан мағынасыздыққа ұшыраса, тыйым сөздер – ортасынан бір сөзі жетіспейтіндіктен мағынасыз сөйлемге айналған. Дұрысы: Тыйым салынған (айтуға болмайтын) сөздер. Тыйым сөз, дана сөз, шешен сөз – шала қазақ тілінің сөздері. Қазақ тілінде даналардың, шешендердің айтқан сөздерін даналық немесе шешендік сөздер дейді. Мағынасыз сөздерді оқулықта не үшін тақырыптық сөздер ретінде пайдаланғандары да түсініксіз . Мысалы:

 Тыйым сөздер.

  1. Аманатқа қиянат жасама.
  2. Есікті қатты жаппа.
  3. Малды басқа ұрма.
  4. Үлкеннің сөзін бөлме.
  5. Тамақты асықпай іш, т.б.

Қазақ: «Баланы жастан, келінді бастан», – дейді. (Баланы кішкентай кезінен, келінді келін болып түскен кезінен бастап тәрбиеле деген сөз). Үлкендердің балаларға айтып отыратын тәрбиелік мәні бар сөздерін, айтуға болмайтын сөздер деп (тыйым сөздер – шала қазақша) бергендері қалай? Соңғы отыз жылдың ішінде, шала қазақ тілінің қазақ тілін толық бұзып, қандай үлкен жетістіктерге жеткенін көрсін дегендері ме? Көлік мектебі (Дұрысы: Көлік жүргізушілерін даярлайтын қысқа мерзімдік оқу орыны), апатты шығу (дұрысы: Апат болған жағдайда шығу), басыңды ки (дұрысы: Бас киіміңді ки), шұғыл қажет (дұрысы: Өте қажет), өзіңнен қарай (дұрысы: Өзіңнен ары қарай), балғындығы ішінде (дұрысы: Шырынды сусындар) т.б. Тәрбиелік мәні бар сөздерге, жаман әдеттерден (сөздерден емес) аулақ бол деп, тақырыптық бір дұрыс сөйлемді жаза алмаудың өзі сұмдық қой! Оқулықтар ретінде пайдалануға келмейтін кітаптарды, білім саласына енгізуге, олар қалай қол жеткізген? «Соқыр тауыққа бәрі бидай», – дейтін заман жетті ме? Жеткен шығар. Әйтпесе баспасөз беттерінде мынандай мақалалар жарияланбас еді. «Біз осы күні кіші қияметте, ақырзаманның бірінші сатысында тұрмыз. Оның бірнеше белгілері бар. Соның бірі сөз ауыруларының асқынуы. Бәрін дүние табудың құралына айналдырған сөз саудагерлері көбейіп кетті. Сөздердің дұрысы қайсы, қатесі қайсы, ажырата алмайтын жағдайға жетіп, былыққа белшемізден баттық»

Ақын Сібетқали Нұржан. «Қазақ әдебиеті» газеті

5.02.2016 жыл

    Шала қазақ тіліндегі сөздердің бір тобы, өз ара шала қазақша жалғаулармен байланысса (мағам баруға керек- ті (дұрысы: Менің баруым керек), бағаналы бері (дұрысы: Бағанадан бері), сонай дедімші (дұрысы: Солай деп айттым) т.б.), енді бір бөлігі жалғаусыз бір-бірімен тіркесіп айтыла береді. Бір рет тұрып берем (дұрысы: Бір рет орныңа жұмыс істеймін), ертен жатып берем (дұрысы: Ертең үйде жатып демаламын) т.б. Жалғаусыз тіркесіп айтылатын шала қазақша сөздердің бірталайы, сөз аралық жалғауларының болмауына байланысты біріккен түсініксіз сөздерге айналған. Баратын шығар – барадшығар, келе жатыр – келапты, біздің кісілер біздіңкілер, дәу екен – дәукен, келісім шарт – хаттама, әйелдердің өсегі – қатынөсек, келіннің аяғы ауыр – келін ауыраяқ т.б. Осыған ұқсас шала қазақша біріккен сөздер оқулықтардың ішінде де аз емес. Топсеруен, тосынсый, көркемсөз, тұпнұсқа, ашықхат, сауалнама т.б. Дұрысы: Топтасып (топ – топ болып) серуендеу, күтпеген сый (сыйлық), көркемдік сөздер, түпкі нұсқасы, ашық түрде хат жазу (хаттың соңына аты-жөнін ашық көрсету), сұраққа жауап.

   Мектептерге арналған оқулықтар қайта сараптаудан өтіп (шала қазақша: Сараптама), шала қазақ тілінің сөздерінен тазартылып, сөйлемдердің, сөздердің құрылысы (жазылуы), қазақ тілінің бұрынғы ережелеріне сәйкес дұрыс құрастырылуы керек. 3-ші кыласқа арналған оқулықтың ішіндегі (82 бет) мына сөйлемдердің сөздеріне қарай отырып, оқулықты құрастырған адамдардың, сөйлемдегі сөздердің жағы болатынын, өздері ажырата алмайтынын аңғаруға болады. 1. Менің (досымның) сүйікті ертегілерім.

  1. Менің (досымның) мінезім.

Бірінші жақтан айтылып тұрған сөйлемнің басындағы есімдік сөзге (менің), екінші жаққа (адамға) қаратылып айтылатын сөзді (досымның), балама сөз ретінде енгізген. Енді сөйлемнің басындағы есімдік сөзді, жақшаның ішіндегі балама сөзімен ауыстырып жазып көріңіз. Дұрыс сөйлем шыға ма? 1. Досымның сүйікті ертегілерім. 2. Досымның мінезім.

Сөйлемдегі сөздер бір-бірімен мүлде қиыспайды. Дұрысы: Менің (өзімнің) сүйікті ертегілерім.

Оның (досымның) мінезі.

Дұрыс сөйлемдер осылай құрастырылмай ма? «Жүрген жерін (жолын) тазалап жүретін адамды, жол жомарттығы дейді» (100 бет). Елде жоқ, ешкім естімеген бұл қандай данышпандық сөз? Міне, біздің мектептерде оқулық деп пайдаланып жүрген кітаптарымыздың сиқы осындай.

 2020 жыл

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар