Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Алматы қаласында сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері жөнінде кеңес өтті, деп хабарлайды Ақорда. Қасым-Жомарт Тоқаев жиында Алматыдағы зілзалаға қатысты пікір білдірді.
Жиынға президент әкімшілігі мен қауіпсіздік кеңесінің басшылығы, үкімет мүшелері, қалалар мен облыстардың әкімдері, сондай-ақ аймақтардағы төтенше жағдайлар департаменттерінің жетекшілері қатысқан. Тоқаев ел аумағының үштен бір бөлігінде жер сілкінісі қаупі бар екенін айтқан.
Пікір қалдыру