Ресей мен Украина соғыс басталғалы екінші мәрте ірі тұтқын алмасу жүргізді

/image/2024/02/01/crop-12_11_436x774_a2c47240-c03f-11ee-a594-bd801b60ee16.jpg
Ресей мен Украина кезекті рет ауқымды әскери тұтқын алмасу операциясын жасады, деп хабарлады ВВС-дің орыс қызметі.
 
Ресей қорғаныс министрлігі 31 қаңтар күні 195 украиналық сарбаздың орнына дәл сондай өзінің әскери қызметкерлерін қайтарғанын мәлімдеді.

Ал Украина президенті Владимир Зеленский басқа цифрды атап "біздің 207 сарбазымын үйіне оралды, қайтару ештеңеге қарамастар жалғасады" деп жазды өзінің телеграм арнасында.

Бұған дейін 3 қаңтар күні екеуара тұтқын алмасу жүзеге асып, Ресейге 248 адам, Украинаға 230 адам қайтқан. Ресми Киев бұл істі соғыс басталғалы болған ең ірі тұтқын алмасу екенін мәлімдеген.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар