Пушков: «Ресейдің мақсаты -ИМ , АҚШ-тың мақсаты -Асад»

/uploads/thumbnail/20170708200653177_small.jpg

Ресей мемлекеттік Думасының басшысы Пушков мырза АҚШ пен Ресей арасындағы келісімнің жүзеге аспай жатқандығын түсіндіріп кетті. Бұл  туралы «Қамшы» порталы Пушковтың twitter желісіндегі парақшасына сілтеме жасай отырып хабарлайды. Ол аталған мәселеге қатысты ойын twitter парақашасында жариялаған. Ресейлік саясаткердің пайымынша бұл саяси көзқарастардың қайшылығынан туындап отыр екен. «Ресейдің мақсаты- «Ислам Мемлекеті» ,ал АҚШ-тың мақсаты -Башар әл-Асадтың тақтан кетуі» - дейді өз парақшасында  Пушков мырза.

            Аталған мәселе туралы Барак Обама да мәлімдеме жасаған болатын. Атап айтқанда Американың басшысы Ресеймен келісім тек Әуе кеңістігіндегі қауіпсіздік бағытында ғана жүзеге асқан.

            Естеріңізге сала кетйік Ресей ИМ-не қарсы әуе соққыларын 2015 жылдың 30 қыркүйегінен бастап жасап жатыр. Бүгінге дейін 530 әуе шабуылы ұйымдастырылған. Нәтижесінде ИМ біршама шығынға ұшырап, қазір кейін шегінуде.

            Сирия мемлекетінде ішкі соғыс 2011 жылдан бастап жүзеге асып келеді. Соның салдарынан  250 мыңға жуық адам қаза тапқан.

 

            

Қатысты Мақалалар