Елге кіргізілген қырғыз көліктері Еуразиялық экономикалық одақ тауары деп танылды

/uploads/thumbnail/20170708200654849_small.jpg

ҚР қаржы министрлігі мемлекеттік кіріс комитеті кедендік заңнамаларды бұзғаны үшін ұсталып, уақытша сақтау қоймаларына өткізілген Қырғызстандық көліктерге қатысты түсінік берді,-деп хабарлайды «Қамшы.kz» ақпраттық порталы.

Министрліктің хабарлауынша Қырғызстанның Еуразиялық экономикалық одақ келісіміне қосылуына байланысты ол 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін елімізге жеке қолдану үшін кіргізілген көліктер Еуразиялық экономикалық одақ тауары деп танылып отыр. Соған байланысты, бұрын ұсталып, уақытша сақтау қоймаларына жіберілген көліктерден бақылау алынып тасталады.

  • ҚР сот органдарының шешімдерін орындамау фактілері мен процессуалды шешім шығарылмаған сотқа дейінгі тергеу материалдары болмаған жағдайда ұсталған көліктерді иелеріне қайтару заңға қайшы келмейді, - делінген министрлік таратқан мәлімдемеде.

Сонымен, 2014 жылдың қаңтарына дейін Қырғызстанның елге кіргізілген көліктерден шектеу алынып тасталып отыр. Ал, қырғыз көліктерін Еуразиялық одақтың біріңғай кедендік тарифі бойынша, яғни баж салығынсыз елге кіргізу тек 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап мүмкін болмақ.

 

Қатысты Мақалалар