"Олардың Ұлттық бірыңғай тестілеудің, педагогтар мен магистранттардың білімін бағалауды өткізу процесіне қол сұққандары дәлелденді", делінген ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің хабарламасында.
Сонымен ҚР Қылмыстық кодекстің 205-бабы 2-бөлімі және 208-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстарды жасағандары үшін кінәлі деп танылған Қазақстан азаматтары - «С», «Ж» және «Н-ға» қатысты Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық соты мен Өскемен қаласы № 2 сотының үкімдері заңды күшіне енді.
Олардың әрбіреуіне 1 жыл бас бостандығынан шектеу жазасы белгіленді, сондай-ақ ақпараттық технология және телекоммуникация желілері саласында лауазымды қызметке тұру құқықтарынан 3 жыл мерзімге айырылды.
Пікір қалдыру