Қытайдың қоғамдық қауіпсіздік министрлігімен ынтымақтасатын iSoon компаниясы құпия құжаттамалардың жылыстап кетуіне жол бергені белгілі болды. Барлық файлдар GitHub қызметінде ашық жарияланып кеткен.
Шет мемлекетке шығып кеткен ақпараттарға қарағанда Қытайда алынған деректерді талдап, сұрыптай отырып, интернеттегі жарияланымдарды бақылау жүйесі жасалған. Атап айтқанда, Қытай билігі үшін қызығушылық туғызатын тақырыптарды талқылауға мүмкіндік беретін Х әлеуметтік желісіндегі посттарды бақылау платформасы құрылған.
Хакерлер кез-келген ақпаратты алу арқылы Android және iOS құрылғыларына шабуыл жасай алады деген болжам бар. Құжаттарда Beeline, Kcell және Tele2 сияқты қазақстандық байланыс операторларының деректері тарап кеткені де хабарланады. Құжаттарда Қазақтелеком мен БЖЗҚ туралы да айтылады.
Билік тиісті ұйымдарда дербес деректер және оларды қорғау, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік туралы заңнама талаптарын сақтау тұрғысынан жоспардан тыс тексеру жүргізуге уәде беретінін мәлімдеді.
Пікір қалдыру