Түнде және таңертең кейбір ел азаматтары тосынсыйға тап болған.
Бүгін жұмысына ерте және кеш барған адамдар да табылып жатыр. Бұл жайт еліміздің бірыңғай уақыт белдеуіне көшумен тығыз байланыста. Мәселен, телефонындағы сағатын түнгі 00-00-де бір сағат кері шегеріп, жатып қалған адам таңертең жұмысқа ерте барған. Себебі телефондағы уақытты өзгертетін автоматты функция түнде іске қосылып, сағат тілін тағы бір сағатқа кері жылжытқан.
Сол секілді телефонындағы сағаты автоматты түрде өзгереді деп бек сенген кейбіреуі жұмыстан абайсызда кешіккен. Өйткені телефондағы уақытты автоматты өзгертетін фунция, әу баста, өшірілуі болған. Тек осы функцияны қосқанда сағат тілі өздігінен өзгеретінін кейбірі кейін біліп, айран-асыр болып жатыр.
Одан бөлек, бірі қызығы, кейбір қазақстандықтардың электрондық құжаттарындағы туған күні өзгеріп кеткен. Қазір электронды үкіметтен цифрлық құжатты көру мүмкін болмай тұр.
"Мемлекеттік қызмет сағат 12-30-да қолжетімді болады", деген жазу тұр ол жерде. Соған қарағанда бұл ретте ақауларды анықтап, жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан секілді.
Пікір қалдыру