«Westoil Software» ЖШС Маңғыстау облысындағы ереуілге байланысты 50 қызметкерін жұмыстан шығарды

/image/2024/03/01/crop-8_32_767x1194_65d5a0f19a69f275689455.jpeg

     «Компания бүгіннен бастап ереуілді заңсыз деп тану туралы сот шешімін негізге ала отырып, өндірістік қажеттілікке байланысты 50 қызметкермен еңбек шартын бұзатынын хабарлауға мәжбүр. Пайда болған бос орындарға жұмысқа орналасуға кезекте тұрған азаматтардың арасынан қабылдаймыз. Бұл ретте жұмысқа қабылдау ісі бос лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. Бұл тәсіл еңбек заңнамасына толығымен сәйкес келеді», - делінген хабарда.
     Хабарда атап өтілгендей, «жұмысқа қабылдау процесі аяқталғанша жұмыстан босатылған қызметкерлердің келісім комиссиясы арқылы жұмысқа қайта оралуына мүмкіндігі бар».
«Осындай мүмкіндік бар кезде, заңсыз ереуілге қатысушылардың барлығын өз жұмыстарына оралған әріптестерінен үлгі алуға шақырамыз. Бұл процесс жоспар бойынша жалғасады. Біз жұмысқа орналасуға ниетті жаңа үміткерлердің толық тізімін анықтағаннан кейін, заңсыз ереуілді тоқтатқысы келмеген басқа жұмысшылармен еңбек шартын бұзатын боламыз. Олардың орнына жұмысқа өңірдегі жұмыссыздардың арасынан қабылдаймыз», - делінген компания мәлімдемесінде.
      Еске салсақ, бұған дейін Маңғыстау облысында «West Oil Software» ЖШС қызметкерлерінің ереуілге шығуы заңсыз деп танылған болатын, ал компания осы жағдайдан кейін ұңғымаларда апат болу қаупі туындағанын мәлімдеді.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар