34 жастағы қызылордалық 2019-2022 жылдар аралығында әлеуметтік желі арқылы Qnet-ті жарнамалап, қаржылық пирамидаға 59 адамды тартқан. Салдарынан қаржылық алаяқтық құрбандары 63 миллионнан астам теңгесінен қағылған.
"Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментімен 2019-2022 жылдары Қызылорда қаласы мен Қызылорда облысының аумағында Qnet қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша 11.10.1990 жылы туған Қазақстан Республикасының азаматы Жұбанаев Алмас Оразалыұлыға халықаралық іздеу жарияланады. Оған қамауда ұстау түрінде бұлтартпау шарасы тағайындалды" делінген Қаржылық мониторинг агенттігі таратқан хабарламада.
Агенттік мәліметінше, күдікті заңсыз қызметін жүзеге асыру барысында Instagram әлеуметтік желісін пайдалану арқылы Алматы, Шымкент және Қызылорда қалаларынан адамдарды тартып, тренингтер және үгіт-насихат жұмыстарын жүргізген.
Жәбірленушілердің жалпы саны – 59 адам, келтірілген залал сомасы – 63 373 356 теңге.
Пікір қалдыру