Сандуғаш Тұрлыбекова не үшін қамауға алынғаны белгілі болды

/image/2024/03/11/2598c2ca-ab5f-45e5-b441-91d513108020.webp

Гүлшара Әбдіхалықованы "ханның қызы" деп атаған сөзі арқылы біраз танылған Қызылорда обылсының тұрғыны Сандуғаш Тұрлыбекованың ұсталуына байланысты дерек шықты.

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы полиция бөлімінің мәліметінше, Сандуғаш Тұрлыбекованың үстінен екі адам "бопсалау" фактісі бойынша арызданған. 

 
"6 наурызда Қызылорда облысында азаматша Тұрлыбекованы ұстау дерегі бойынша төмендегіні хабарлаймыз. 28 ақпан және 6 наурыз күндері Қызылорда облысының Полиция департаментіне екі облыс тұрғыны бұл азаматшаны қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы арызбен жүгінді. Тұрлыбекова бопсалау арқылы және ар-намыс пен қадір-қасиетке нұқсан келтіретін мәліметтерді таратамын деп қорқытып, жәбірленушілерден ірі көлемде ақша талап еткені анықталды. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тұрлыбекова ауыр қылмысқа күдіктелді, бұдан бөлек тағы бірнеше бопсалау фактілер анықталды және процеске қатысушылардың жауаптарын бұрмалауға ықпал етіп, тергеудің жан-жақты жүргізілуіне кедергі келтіру мүмкін, осыған сәйкес тергеу сотымен оған қатысты күзетпен ұстау санкцияланды. Ұстау заң шеңберінде жүргізілді, арнайы құралдар мен жауынгерлік әдістер қолданылған жоқ. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды" делінген полиция хабарламасында. 
 
 
Бұған дейін әлеуметтік желілерде Сандуғаш Тұрлыбекованы полиция ұстап әкетіп бара жатқаны бейнеленген фото тараған. Ол кезде құзырлы органдар мардымды ақпарат таратпаған болатын.

Сандуғаш Тұрлыбекова Қызылорда облысының экс-әкімі Гүлшара Әбдіхалықованың Жаңақорған ауданына сапары барысында полицияның жолды жапқанына наразылық білдіріп, "Жолды жабатын ханның қызысыз ба?" деген сөзінен кейін көпшілікке танылып кеткен.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар