Алматы облысында шахта опырылып құлағалы тұр

/image/2024/03/13/crop-3_4_179x264_images-1.jpg

    Облыстық прокуратураның мәліметінше, Алматы облысында қорғасын шығаратын шахтаның жұмысы тоқтатылды.  Яғни, Кеген ауданында "Тұйық" қорғасын кен орнында тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік нормаларын бұзу фактілері анықталған. Прокурорлар шахтадағы тексеріс жұмыстары кезінде шахта бекіністері зақымданғаны, шатыр мен борттар бойынша тау массасы бөліктерінің қатып қалғаны, сондай-ақ жобалау құжаттамасынан ауытқу және бекіту материалы паспорттарының және өзге де орындаушылық құжаттаманың жоқ екені анықталғандығын айтады. 

   Нәтижесінде,  заңбұзушылықтар 25 кеншінің өмірі мен денсаулығына үлкен қауіп төндіріп тұрғаны анықталған. Тіпті құлау қаупі де бар. Осыған байланысты шахтаның қызметі заңбұзушылықтар жойылғанға дейін тоқтатылды.

     Қазіргі кезде прокуратураның үйлестіруімен өнеркәсіптік қауіпсіздік департаменті жер қойнауын пайдаланушыға қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 298-бабымен (жұмыстарды қауіпсіз жүргізу жөніндегі қағидаларды бұзу) іс қозғалып, барлық заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.
Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар