Байзақтағы жарылыс: Қос сарбаздың жаза мерзімі ұзартылды

/image/2024/03/14/crop-3_3_672x1194_img_7066.jpeg

Жуырда Шымкент қаласы әскери горнизоны сотында атышулы Байзақтағы жарылыс қатысты аппеляциялық сот шешімі тыңдалды. Шешім Астана қаласында шығарылды. Бұған дейін әрқайсы 9 жылға сотталған қос сарбаз Әсет Әшірбай мен Ерболат Тұранов онлайн қатысты.

Сотқа қос жігіттің ата-анасы да келіп, жазаның жеңілдеуін тағатсыздана күткен еді. Алайда апелляциялық сот сарбаздарға берген жазаны одан әрі қатаңдатып жіберді.

- Жазаларды ішінара қосу арқылы Тұрановқа түпкілікті 13 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Жазаны орта мекемеде өтеу белгіленсін, – деді судья. Сонымен сот бұған дейін 9 жылға сотталған Ерболат Тұранов пен Әсет Әшірбайдың жаза мерзіміне тағы 4 жылдан қосты. Осылайша, Байзақтағы әскери бөлімде отан алдындағы борышын өтеген қос жігіт енді 13 жылын түрмеде өткізеді. Сондай-ақ бұған дейін сот залынан босатылған олардың 2 офицері 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Олар сотқа Астана қаласынан онлайн қатысқан.

Алайда сарбаздар сот шешімімен келіспейтіндіктерін айтып: "Әділеттік жоқ. Бәрібір әділеттік жоқ. Алла жазаларын берсін олардың. Әділетсіз Қазақстан, мүлдем әділетсіз. Бізді 13 жылға бас бостандығымыздан айырып жатыр. Не үшін?”, – деді сарбаздардың бірі наразылығын білдірді.

Енді міне, қос сарбаз бен прокуратура берген апелляциядан соң офицерлердің екеуі 5 жылға, ал жауынгерлер 13 жылға бас бостандығынан айрылды. 2021 жылы Жамбыл облысы, Байзақ ауданындағы оқ-дәрі сақтайтын қойма жарылып, 18 адам жан тапсырып, 81 азамат жараланған. Бұл істі жасады деген айып сол жерде әскери борышын өтеп жүрген Ерболат Тұранов пен Әсет Әшірбайға тағылды.

Еске салсақ, былтыр 20 қазанда Байзақтағы жарылыс үшін қос сарбаз Әсет Әшірбаев пен Ерболат Тұранов "Бөтеннің мүлкін қасақана жою және бүлдіру" бойынша 9 жылдан сотталған еді. 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар