Ресейдегі сайлау: Путин 87 пайызбен жеңіске жетті

/image/2024/03/20/crop-0_0_765x1360_putin923-2378-3.png

 Сайлау бюллетеньдерінің 97 пайызы саналғаннан кейінгі есеп бойынша, Путин 87,3 пайыз дауыс алған. Бұл оның 2030 жылға дейін жоғары билікте отыратын бесінші мерзімі болмақ.

Бюллетеньде төрт кандидаттың аты-жөні жазылған. Оның ішінде сайлауға Путин өзін-өзі ұсынды. Ал Николай Харитонов (КПРФ – коммунистер) – 4,3 пайыз дауыс жинаса, Владислав Даванков ("Новые люди") – 3,8 пайыз, Леонид Слуцкий (ЛДПР) – 3,2 пайыз дауыс алған. Бюллетеньдердің 1,4 пайызы жарамсыз деп танылған. Яғни, сайлаушылардың көбі кейбір кандидаттарды жақтырмаған.

Ресей ОСК соғысқа қарсы екенін мәлімдеген президенттікке үміткерлер – Ржевтен шыққан журналист Екатерина Дунцова мен Долгопрудный қаласының муниципалды депутаты Борис Надеждинді сайлауға қатыстырмай қойды. Тіпті Дунцоваға қол жинауға рұқсат бермеген де. Надеждин өзін қолдайтын 200 мыңнан астам адамнан қол жинаған, бірақ ОСК олардың ішінде "жарамсыз" парақтар барын алға тартты. Надеждин сотқа жүгінгенімен, жеңе алмаған.

Ресей президенті сайлауында дауыс беру үш күн бойы – 15-17 наурыз аралығында өтті.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар