Төтенше жағдайларды жою департаментінің дерегінше, күннің күрт жылынуы қардың тез еруіне алып келеді. Ал қардың тез еруі елдімекендерді су басудың қатерін төндіріп тұр. Қазірдің өзінде 10 өңірде қарғын судың жайылу фактісі тіркелген.
Сондай-ақ жауын-шашынның көп болуы да қауіп-қатерді күшейтіп тұр. Дегенмен, қазіргі таңда төтенше жағдайларды жою мамандары тасқынның алдын алумен күресіп жатыр. Яғни, халықты құлақтандыру пысықталып, құтқару пунктері әзірленген. Әрі елдімекендерден 10 млн текше метрден астам қар шығарылған.
Пікір қалдыру