Өздеріңіз білетіндей, 2023 жылы табиғаттың ауыр климаттық жағдайы шаруалардың қаржылық жай-күйіне әсер етті. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша зардап шеккен фермерлерді қолдау үшін Үкімет тарапынан барлық қажетті шаралар қабылданды. Бүгінгі таңда 2024 жылға арналған басты міндет - көктемгі егіс жұмыстарын уақтылы және сапалы жүргізу. Ол үшін министрлік барлық қажетті шараларды қабылдап жатыр. Керекті мемлекеттік органдар мен ұйымдарды, сондай-ақ облыстар мен қалалар әкімдерінің орынбасарларын тарта отырып, өңірлерде көктемгі егіс науқанын жүргізу жұмыстарын үйлестіру жөніндегі жедел штаб құрылды, - деді министр Айдарбек Сапаров.
Айдарбек Сапаровтың атап өтуінше, министрлік салада ауқымды талдау жүргізген. Нәтижесінде орын алып отырған проблемалар және олардың пайда болу себептері агроөнеркәсіптік кешеннің қарқынды дамуын тежеп тұрған мәселелердің бірі - өсімдік шаруашылығында әртараптандырудың дұрыс жүргізілмеуі екенін айта отырып, бидайдың егістік алаңдары өткен жыл 13,7 млн гектер болса, биыл 13,3 млн гектар болады. Яғни, 429,2 мың гектарға қысқартылғанын тілге тиек етті.
- Облыстар әкімдіктерінің жедел деректері бойынша майлы дақылдар алаңын 385,7 мың гектарға ұлғайту жоспарланған. Бұл жалпы егіс алаңын 3,2 млн гектарға дейін жеткізуге мүмкіндік береді. Оның ішінде күнбағыс сияқты әлеуметтік маңызы бар дақыл алаңын 60 мың гектарға ұлғайту және оларды 1,2 млн гектарға дейін жеткізу күтіледі. Бұдан басқа, қант қызылшасы сияқты әлеуметтік маңызы бар дақыл алаңын 12 мың гектарға ұлғайту көзделген. Биыл қант қызылшасының ауданы 25 мың гектарды құрайды. Сонымен қатар өңірлерде берік азықтық базаны құру бойынша жұмыстар жүргізілуде, бұл үшін ағымдағы жылы азықтық дақылдар алаңын 68,3 мың гектарға ұлғайтып, оларды 3,2 млн га дейін жеткізу жоспарланған», - дейді министр.
Пікір қалдыру