«Министрліктің мынадай ведомстволары бар:
1) Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің көші-қон комитеті;
2) Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті;
3) Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті», - деп үкімет қаулысында айтылған.
Қаулы жобасы бойынша, министрліктің ішінде мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті ашылмақ.
«Жобада мемлекеттік еңбек инспекциясын жергілікті атқарушы органдардың қарауынан Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қарауына беруіне сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы ережесіне өзгеріс енгізу көзделген», - деп түсіндірді жоба авторлары.
Пікір қалдыру