Стамбул орталығында Masquerade жабық түнгі клубы өртеніп, 29 адам қаза болды. Апат салдарынан бір адам зардап шеккен. Бұл жөнінде Anadolu Agency хабарлады.
Стамбул губернаторы Давут Гүл өрт 2 сәуір күні, жергілікті уақыт бойынша сағат 12:47-де 16 қабатты тұрғын үйдің жертөлесінде басталғанын мәлімдеді. Жөндеу жұмыстары жүріп жатқан клуб жертөленің екі қабатында орналасқан.
Қазір өрттің себебі анықталып жатыр.
Пікір қалдыру