Бұдан былай жұмысқа орналасар кезде әскери билет талап етілмейді

/image/2024/04/03/crop-0_-2_648x1152_ackeri-bilet.jpg

Қорғаныс министрлігі ортада азамат пен ол туралы ақпарат болатын жүйені құру бойынша тұрақты жұмыс жүргізіп жатыр. Жұмысқа орналасу немесе оқуға түсу кезінде енді заңды тұлғалар әскери билет талап етпейтін болды.

Бұл талап Қарулы Күштердің жүргізіліп жатқан цифрлық трансформациясының арқасында жойылды. Жұмысқа не оқуға қабылданған азаматтардың әскери есепке алу мәртебесін енді жұмыс беруші ведомствоның ақпараттық жүйесінен анықтайды.

"Жұмысқа (оқуға) қабылданған азаматтардың әскери есепке алу мәртебесін анықтау үшін енді жұмыс берушіге Қорғаныс министрлігінің ақпараттық жүйесінен әскери есепке алу туралы ақпаратты бір рет басу қажет, – делінген министрлік хабарламасында.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар