Қазақстанда мамыр айында әскери шерулер өткізілмейтін болды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне хабарлады.
"Қазақстанда 2024 жылы әскери парад өткізу бюджет қаражатын үнемдеу мақсатында, сондай-ақ басқа да мәселелерді шешу қажеттілігіне байланысты жоспарланбаған. Атап айтқанда, Қазақстан Қарулы күштері бөлімшелерінің жауынгерлік әзірлігі мен ұтқырлық деңгейін ұстап тұруға басымдық берілген ", - деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Ведомство өкілдері 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнінде де, 9 мамыр – Жеңіс күнінде де әскери шеру өткізу жоспарда жоқ екенін атап өтті.
Пікір қалдыру