Қазақстандықтар тұрмыстық зорлық-зомбылық жасағандарды қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап етіп, сенатқа 5 мыңнан астам хат жолдады. Бұл туралы "Еркіндік қанаты" қоғамдық қоры мәлімдеді.
"Алғашқы үш күнде-ақ қазақстандықтар парламентке 5 мыңнан астам хат жолдады. Ал он мың азамат заңға онлайн қолдау білдірді. Салтанат Нүкенова қайтыс болғаннан кейін 2023 жылдың қараша айында басталған отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы петиция Қазақстан тарихындағы халықтың жаппай қатысқан петициясына айналды. Қысқа мерзім ішінде ол 150 мыңнан астам қол жинаған", – деп хабарлады қоғамдық қор.
Хат жіберу үшін eOtinish сайтына кіріп, "өтініш беру" батырмасын басу қажет.
Пікір қалдыру