Ресей депутаты: Қазақстан-англосакстар бақылауындағы ел, русофобия мекені

/image/2024/04/09/crop-65_26_348x618_5-5.jpg

Ресей депутаттары Қазақстан жайлы пікір білдірумен шектелмей, деректі фильм жариялауға көшті. Жақында мемлекеттік дума депутаты Андрей Луговой Қазақстан туралы "Патшаның жеке дұшпаны. Қазақстан бұралаңы" атты деректі фильмін жарыққа шығарды. 

Депутат Қазақстанды "англосакстар бақылауындағы ел", "руссофобия мекені" деп пікір білдіреді. Украина мен Қазақстанды салыстыра келе ол "елді ағылшындар билеп тұр, олардың негізгі мақсаты – орыс қазақ арасына от жағу" деп мәлімдеді. 

Андрей Луговойдың екі бөлімді деректі фильмі Ресейдің RuTube платформасына салынған. Алайда көрші елдің жалынды сәлемдеріне Қазақстан билігі ресми пікір білдірген жоқ. 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар