Шығыс Қазақстан облысында лай көшкіні жүрді

/image/2024/04/12/crop-30_-2_641x1140_shk-o-da-lay-koshkini-saldarynan-zhol-zhabyldy_1712898299.jpg

"Бүгін таңертең облыстық маңызы бар «Теректі-Ұранхай-Төсқайың» жолының 13 шақырымында, нақты айтқанда «Мраморное» асуы маңында лай көшкіні жүрген. Болған жағдай туралы «ОблШығысЖол» қызметкерлері жедел жеткізді. Қазіргі уақытта тұрғындардың қауіпсіздігі мақсатында жол қозғалысы жабылды, - делінген ақпаратта.

Оқиға орнында жергілікті атқарушы органдар және Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жұмыс істеуде. Жол қозғалысын қайта қалпына келтіру жұмыстары бойынша ауыр техника жұмылдырылды. Полиция қызметкерлері кезекшілік ұйымдастырды.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар