Бұл қайғылы жайт 22 наурызда орын алған. Ер адам 7 жасар немересіне бірнеше рет пышақ салған. Бала алған жарақаттары салдарынан қаза болды.
- Өскемен тұрғынының немересін өлтіру фактісі бойынша мынаны хабарлаймыз. Шынында да 22 наурызда Өскемен Полиция басқармасының тергеу бөлімі Қылмыстық кодекстің 99-бабының 3-бөлігі (баланы өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, - деп хабарлады ШҚО Полиция департаменті.
Пікір қалдыру