Басылымның хабарлауынша, Израиль әскерилері 14 сәуірде Иранның әскери операциясына жауап беруді одан әрі талқылайды.
Иран Қарулы күштері Бас штабының басшысы Мохаммад Багери операцияның сәтті өткенін айтқан. Белгілі болғандай, 13 сәуір күні Иран Израильге зымыран және ұшқышсыз ұшақтармен шабуыл жасаған. Ал зымырандар Израиль аумағынан тыс жерде ұсталған.
Иерусалимнен басқа, Израильдің оңтүстігі мен солтүстігінде, Шомрон аймағында, сондай-ақ Өлі теңіз үстінде әуе шабуылының сиреналары іске қосылған. Қатты жарылыстың даусы Иерусалимде де естілген.
Аймақтағы шиеленіс сәуірдің 1-і күні Дамасктегі Иран консулдығына жасалған әуе соққысынан кейін ушыға бастады. Шабуылдан Ислам революциясы Сақшылар корпусының жеті мүшесі, оның ішінде екі генералдың қаза тапқаны айтылған. Тегеран бұл соққыға Израильді жауапты деп санады, ал Иранның рухани жетекшісі Аятолла Әли Хаменеи Израильді «жазалаймын» деп қорқытқан болатын.
Пікір қалдыру