"Мектеп, аурухана, балабақша, колледж сияқты бюджеттік мекемелердің директорларына жүз мыңдаған айыппұл салу проблемасы ушығып барады. Кейін сол 500-600 мың айыппұлды директор қалай және кімнен жинайтыны айтпаса да түсінікті", - деп жазды ол әлеуметтік желіде.
Оның пікірінше, директорларды мектептің үш ауысымды болғаны немесе құрал-жабдықтары мен зертханалары жеткілікті деңгейде болмағаны үшін айыппұл төлеуге мәжбүрлеу – әділетсіз.
"Өйткені егер мектеп үш ауысымды болса, бұл директордың кінәсы емес, әкімшіліктің кемшілігі. Бұған қоса, мемлекет тарапынан мектептердің жеткіліксіз қаржыландырылуы да осы мәселелерге әкеледі", - дейді Аймағамбетов.
Ол құзыретіне жатпайтын, яғни тікелей әсер ете алмайтын мәселелер үшін айыппұл салуды тоқтату қажет деп санайды.
Сондай-ақ депутат дәрігерлерді өз мамандығынан тыс жұмыстарға тартқаны, қажетсіз есептерді талап еткені үшін жауаптылыққа тарту құзыретін полициядан алып, денсаулық сақтау министрлігінің комитетіне беруді ұсынды.
Айтуынша, депутаттар тиісті түзетулерді берген.
Пікір қалдыру