Су тасқыны: "22 млн теңге ешкімнің қолына берілмейді" дейді Құрылыс министрі

/image/2024/04/23/crop-3_2_627x1115_2f0d0afaa0a32f8f.jpeg

- Мемлекет ешқандай қаражатты ешкімге қолға бермейді. Әр адам әртүрлі. Қоғамда жауапкершілігі бар немесе жауапкершілігі жоқ адамдар бар. Қазіргі таңда үйді қайта салу үшін қолға қаражат берсек, ол адам жеке мақсатына жұмсаса, қыста ол адаммен не істейміз? Сондықтан мемлекеттің шешімі осындай, - деді Шарлапаев үкіметтің баспасөз мәслихатында.

Министрдің сөзінше, су тасқынынан зардап шеккен адамның таңдауы бар.

- Үйді қайтып тұрғызады, болмаса әкімдік арқылы екінші нарықтан пәтерлер алады. Бірақ жөндеу жұмыстарын әкімдік пен құрылыс компаниялары жасайды. Әкімдік шешімі бойынша тек бірнеше өңірде қолдарына қаражат береміз. Бұл тек жөндеу жұмыстарына ғана, - деді ведомство басшысы.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар