«Төтенше жағдай режимі жарияланған 6 облыс талапкерлері үшін ҰБТ кейінірек басталады. Атап айтқанда, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары үшін ҰБТ-ға тіркелу 6 мамырдан 20 мамырға дейін, ал тестілеу 25 мамыр мен 12 шілде аралығында өтеді», - деген ақпарат таратты Ғылым және жоғары білім министрлігі.
Қалған өңірдің талапкерлері үшін ҰБТ-ға өтініштерді қабылдау мерзімі - 6 мамырдан 14 мамырға дейін. Ал ҰБТ 16 мамырда басталып, 5 шілдеге дейін жалғасады.
Сондай-ақ, министрлік 2024 жылы барлық талапкер Ұлттық бірыңғай тестілеуді екі рет тапсырып, үздік нәтижемен грант конкурсына қатыса алатындығын хабарлап отыр.
Пікір қалдыру