Қытайда АҚШ президенті Барак Обаманың «сыңары» пайда болды. 29 жастағы Сяо Цзиго есімді актер бүгінде он минуттық түсірілімдер үшін мың жарым доллар қаламақы алатын көрінеді. Бұл туралы «Қамшы» ақпараттық порталы www.uznayvse.ru сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Әртістің АҚШ президентіне ұқсайтыны туралы алғаш рет 2008 жылы шашын қысқа үлгіде қысқартқан күні әріптесі айтқан. Сол жылы АҚШ-та Барак Обама бірінші рет президент сайлауына қатысып жатқан болатын. Ал, Обаманың «сыңары» ол кезде АҚШ президенті туралы мүлдем хабарсыз болған екен.
Актердің атағы 2012 жылы Chinese Dream Show байқауына қатысқан соң шарықтап шыға келіпті. Ағылшын тілін жетік білмесе де, Сяо қытайлықтар арасында өте танымал өнер жұлдызы.