Ұлттық идея - көзге көрінетін математикадағы нақты сандар немесе тарихи құжаттар емес

/uploads/thumbnail/20170708200812645_small.jpg

Бір сөйлемді жазбам ұзақ талқыланды. Жеке кетіп қалып та сол сөзімді жұлмалап жатқандар болды. 
Философия былай түсіндіреді: Ұлттық идея – халықтың, этностың немесе ұлттың өмірлік мәні. Қазақ – ұлт деңгейіне көтеріліп, мемлекет құра алған бақытты этностардың бірі. Халықаралық қатынастарда ҰЛТ деген термин –МЕМЛЕКЕТ сөзімен синоним. 
Ал қазақтың өмірлік мәні не еді? Біздің ұлттық идеямыз – БІРЛІК. Рулардың басын қосу идеясынан бастап, кейіннен үш жүздің бірлігін ту еткенбіз. Сосын АЛАШ яғни қазақтардың бас біріктіргенін қаладық. Тағдырлы жылдары көпэтносты мемлекетке айналғалы бері біз ҚАЗАҚСТАН-ның бірлігін негізгі идея етіп келеміз. Ұлттық (Мемлекеттік) идеямыз – татулық пен бірлік. «Мәңгілік Ел» идеясының негізі де осылай түзілді. Оны жақтырмайық, келеке етейік, бірақ бәрібір тыныштықтың незігі осы идея боп келеді. 
Ұлттық идея көзге көрінетін математикадағы нақты сандар немесе тарихи құжаттар емес. Ол – Ұлтты (мемлекет халқын) біріктіретін кішкентай факторлардың жиынтығы. Ол мәдениеттегі, спорттағы, халықаралық қатынастардағы үлкен жетістіктер болуы мүмкін немесе Қарағанды, Қызылағаш жерін шайып кеткен су тасқыны сияқты табиғи апаттар болуы да мүмкін. 
Бірліктің инерциясы да мықты болады. Әйтпесе, 2012 жылғыдай бізді Олимпиада ешуақытта естен тандыра біріктіре алған жоқ еді. Әлі күнге дейін ұмытпаймыз. Кешегі кездесуді бір сәттік эмоция ғой менсінбегендер де болды. Нақты айтайын, Геннадий қазақты біріктіріп тұрған жоқ. Бірлікті арттыратын кішкентай факторлардың бір бөлшегі ғана. Біз Генаның гүрзі жұдырығындай болып жұмылған қоғамды көрдік. Қазақтың туы, шапаны, ел деңгейінде брендке айналған сауда белгілері бәрі-бәрі бір ғана азаматтың арқасында көпке танылды. Шапан ілінген Генаның киіну бөлмесіне АҚШ Президенттігіне кандидат Д. Трамптың өзі сәлем беріп кіріп шықты. 
Кейбіреулер домбыра ұстап киіз үйде отырмаған соң қайдағы ұлттық идея дейді. Әрине әрқайсыңыздың пікіріңізді сыйлаймын. Менімен келісуге тіпті де міндетті емессіздер. Головкиннің аты шыққан сайын Қанатты ұмыттық деп жылауды да қоймай келеміз. Қазақ барда Қанат ұмытылушы ма еді? Екеуін бір біріне қарсы қойғымыз келіп, біз ҰЛТТЫҚ ИДЕЯ деп отырған бірлігімізге нұқсан келтіріп жүрген де өзіміз.


Жарқын Түсіпбекұлы, Facebook парақшасынан алынды

 

Қатысты Мақалалар