Құжатқа сай, аталған үш мемлекет күн, жел және су электр станциясы сияқты экологиялық таза көздерден өндірілген электр энергиясын өзге елдерге экспорттайды.
Ол үшін алдымен Каспий теңізінің астымен жоғары вольтты кабель тарту жоспарланып отыр.
Бұл ретте Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев бұған дейін Каспий түбімен кабель өткізу жобасын іске асыру мақсатында техникалық тапсырма әзірленгенін атап өтті.
"Техникалық тапсырма шеңберінде халықаралық трансмиссиялық дәліздерді дамыту және Еуроодақ елдеріне жасыл энергияны сату үшін жобалық бизнес-модель әзірленетін болады. Жоғарыда айтылғандардың негізінде үш елдің энергетика министрліктері өздерінің энергетикалық жүйесін бір-бірімен байланыстыру жөніндегі ынтымақтастық меморандумына қол қойды", – деді ол.
Алмасадам Сәтқалиевтың ақпаратына сәйкес, қазіргі уақытта аталған жобаны іске асыру бойынша базалық механизмдер талқыланып, барлық тараптармен келісілді.
Пікір қалдыру