"Семей орманындағы" өрт: Кінәлілер 7 жылға сотталды

/image/2024/05/13/crop-0_11_780x1387_3fb3de1f-7539-47bd-9bdb-d14dd9b1bbb0-1440x810.jpg

2023 жылдың маусымында "Семей орманы" резерватында болған өртке екі адам кінәлі деп танылды. Олар 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Абай облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

"Сотталушылардың екеуінде де жас балалардың болуы және ауырлататын мән-жайлардың болмауы түріндегі жеңілдететін мән-жайларды ескере отырып, сот В. және К. атты азаматтарды кінәлі деп тауып, әрқайсысына 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады",– делінген хабарламада.

Айыпталушыларға абайсызда 14 адамның өмірін қиды деген айып тағылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. 

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар