Құлсары халқы өтемақы талап етіп, әкімдік алдында түнеп шықты

/image/2024/05/16/crop-28_5_622x1106_photo1715838227.jpeg

Тасқыннан кейін үйлерін су басқан Құлсары халқы Жылыой әкімдігінің алдында түнеп шықты. Олар үйлерінің әр шаршы метрі 400 мың теңгеден есептелгенін талап етіп отыр.

Алайда әкімдік тұрғын үйдің шаршы метрі 200-240 мың теңгеден есептелетінін айтқан. Ал тұрғындар бұл бағамен келіспейді. 

Бұған дейін тек үйі жөндеуге келетін тұрғындарға ақша қолма-қол беріліп, баспанасы жарамсыз деп танылған азаматтардың ақшасы құрылыс компаниясына аударылатыны айтылған. Ал Құлсары халқы құрылыс компанияларының үйді сапалы салатынына сенім білдіре алмай отыр.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар