Жетісайда білім бөлімінің бухгалтерлері 3 млрд теңгеге жуық қаржы жымқырған. Бұл туралы Түркістан облысының прокуратурасы мәлімдеді.
Осы факті бойынша құжаттар СДТБТ-ға ҚР Қылмыстық кодекстің 189-бабымен тіркеліп, (сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету) тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
"Жетісай ауданының прокурорлары аудандық білім бөлімінің бухгалтерлерімен 2,8 млрд теңге бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады"-делінген ресми мәлімдемеде.
Қазіргі таңда мемлекет бюджетіне 309 млн теңге қайтарылған.
Пікір қалдыру