Құрбан айттың алғашқы күні жексенбіге сәйкес келеді, демалыс дүйсенбіге жылжи ма?

/image/2024/06/07/crop-13_9_685x1218_mt4ixtic8bqajjbtb2ocufmd0qszrnzm3nkfhfct.webp

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Арапа күні биыл 15 маусымға, Құрбан айт мерекесінің бірінші күні 16 маусымға сәйкес келетінін хабарлады.

"Зул-хижжа айын анықтау үшін зул-қағда айының 29-нда айды бақылайды. Күн батқан кезде жаңа ай көрінсе, келесі күні зул-хижжа айы басталған болып саналады. Егер ауа бұлтты болып, ай көрінбесе, зул-қағда айын 30 күнге толықтырады. Осыған орай, 2024 жылы 6 маусымда жаңа айдың көрінуіне байланысты биыл зұлхижжа айы 7 маусымда басталып, арапа 15 маусымға, ал құрбан айт 16 маусымға сай келеді" делінген мүфтият хабарламасында.

Бұған дейін egov.kz порталында жарияланған мереке және демалыс күндер тізбесінде 17 маусым Құрбан айт мерекесінің бірінші күні ретінде көрсетіліп, демалыс күні деп белгіленген.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеген Информбюро сайты Құрбан айттың бірінші күні сәйкес келетін жексенбі демалыс күні саналатындықтан, дүйсенбі жұмыс күні болып қала беретінін хабарлады.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар