- Бірнеше күннен бері әйнектерді қараңғылау (тонировка) мәселесі көтеріліп жатыр. Қазір Ішкі істер министрлігі алдыңғы терезе және әйнектерді қараңғылауға тыйым салу тарихын зерттеп жатыр. Парламент Мәжілісінің депутаттары да бізге осы сауалдарды қойып отыр. Менің сізге айтарым, Кедендік одақтың алдыңғы терезелері қаншалықты қараңғы болуы керектігі туралы ережелер бар. Бұл жүргізушілерді, жолаушыларды көлік жүргізу кезінде, жол қозғалысы ережелерін бұзу және т.б. анықтауда белгілі бір қиындықтарға әкелмеуіне байланысты болды. Енді қазір қараңғы әйнектерден де құқықбұзушылықтарды есепке алудың жаңа техникалық жүйелері пайда болды. Сондықтан біз бұл қаншалықты мүмкін екенін зерттеп жатырмыз, - деді бейсенбі күні Сенат отырысында ҚР Ішкі істер бірінші вице-министрі Марат Қожаев.
Атап айтқанда, полицейлер терезені қараңғылаудың жол қауіпсіздігіне әсері мен қоғамдық тәртіптің жағдайын зерттемек.
P.S. Қазіргі уақытта Қазақстанда көліктердің алдыңғы терезесі мен алдыңғы бүйірлік әйнектерін тонировкалауға рұқсат жоқ. Ережені бұзғаны үшін жүргізушілерге айыппұл салынады.
Пікір қалдыру