"Айлығым 89 мың теңге": Абай облысындағы өртте қаза тапқан жігіттің әкесі уәде етілген жәрдемақыны әлі алмаған

/image/2024/07/02/crop-140_5_563x1001_b54e2118-0f0e-4162-b712-075583c0b9db.jpeg

Журналист жойқын өрттен кейін өңірдегі өзгерістерді байқап қайтты. Атап айтқанда, жаңа техникалар, орманшылардың қазіргі ахуалы мен жалақысы туралы сұрады.

“Президент аппаратынан келетіндердің айтатындары бір. Уәде беріп кетеді, бірақ ештеңе орындалмайды. Техниканы сатып алған, бірақ ол қажетсіз болып шықты. Жалақыны көтеріміз деді, құжатты министрлікке жіберіпті. Оның қаралып жатқанына бір жыл болды”, – дейді орманшылардың бірі.

Олардың арасында өрт кезінде ұлынан айырылған орманшы да бар екен. Айтуынша, президент жәрдемақы береміз деп уәде еткен. Алайда оны орындап жатқан ешкім жоқ.

“Мен ұлымнан айырылдым. Қаза болғандардың арасындағы ең жасы еді. 24 жасында кетті. Отбасымызға көмектесті, бірақ уәделерін толық орындаған жоқ. Пәтер, ақша берді. Одан бөлек президент отбасыларға жәрдемақы беріледі деді. Бірақ біз оны ала алмай келеміз. Заңға сәйкес берілмейді екен. Баламнан айырылсам да, осы жерде жұмыс істеп келемін. Өйткені осы жерде тудым, бар өмірім осында өтті. Тағы бір ұлым бар. Бірақ оны бұл жерге жолатпаймын. Менің ұлымды ешқандай ақша қайтармайды. Айлығым 89 мың теңге. Тек тұрақты түрде жұмыс істейтіндердің жалақысын көбейтті. Ал мен мезгілмен жұмыс істеймін. “Семей орманы” қызметкерлердің жұмыс істегенін қалайды, алайда айлықты көтергісі келмейді”, – дейді орманшы. 

Ал Бородулиха ауданындағы орман шеберінің айтуынша, инспеторлардың жалақысын 100% көтерген.

“Менің орман шебері болып қызмет етіп келе жатқаныма 10 жылдан асты. Бұрын айлығым 120 мың еді. Қазір 260 мыңға көтерді. Мұнда менің жұмыс тәжірибем мен білімім ескерілген. Өрт сөндіру автомобилінің жүргізушісі, операторлар мен вышкарьлардың айлығын көтерді. Маусымдық қызметкерлердің жалақысы көтерілді. Мұнда мәселе оның қанша күн жұмыс істейтінінде. Маусымдық қызметкерлер ауысыммен жұмыс істейді. Яғни, бір айда 10-15 күн жұмыста болады. Онда сағатына ақша төлейді”, – дейді жергілікті орманшы.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар