Ляззат Жылқыбаева Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі болып тағайындалды

/image/2024/07/05/crop-10_9_439x781_6a518d2c-e0ff-48b0-b5cf-06e617e4a629.jpg

Алматы қаласы әкімінің өкімімен Ляззат Жылқыбаева Жетісу ауданының әкімі болып тағайындалды.

Жылқыбаева Ляззат Әуесханқызы 1975 жылы 29 наурызда  Алматы облысы Күрті ауданы Каскелен-Топар ауылында дүниеге келген. 

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетін, Х.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін бітірген.

Еңбек жолын Алматыдағы №1 Қазақ педагогикалық колледжінде тарих пәнінің мұғалімі қызметінен бастаған.

2006 жылдан бастап Алматы қаласы Білім басқармасында табан аудармай жемісті қызмет етті.

Атап айтқанда, аттестаттау және лицензиялау бөлімінің бас маманы, бөлім бастығы, техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы, Білім басқармасы басшысының орынбасары, артынша басқарма басшысы қызметтерін абыроймен атқарған.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар