Болашаққа инвестициялар: 145 оқушы халықаралық және республикалық олимпиадалардағы жетістіктері үшін марапаттарға ие болды.
Ағымдағы жылдың 13 маусымында Алматы облысының облыстық орталығының мәдениет үйінде дарынды балаларды қолдауға және көтермелеуге бағытталған дарынды оқушылардың жетістіктері форумы – ауқымды іс-шара өтті. Оқу жылының аяқталуы біздің өңірді халықаралық және республикалық олимпиадаларда дәріптеген 145 оқушыны құрметтеуге себеп болды.
Іле, Қарасай, Еңбекшіқазақ аудандарының оқу орындары, "Арыстан" лицейі, "Дана" жекеменшік мектебі және Алханбек Малкеев атындағы "Білім-инновация" облыстық лицейі көптеген марапаттар мен жетістіктерге қол жеткізді.
Іс-шараға "Білім-инновация" облыстық лицейінің оқытушылары Тамара Ещанова мен Аукенов Бекзат, Іле ауданының №38 мектебінің құқық мұғалімі Нарымова Лейла, Еңбекшіқазақ ауданының №1 Рахат орта мектебінің химия мұғалімі Нұртай Ерназар қатысты.
"Білім берудегі жоғары жетістіктер – Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ерекше көзқарасы мен қолдауының нәтижесі. Осының арқасында біздің облыста білім беру жүйелі түрде дамып келеді. Өткен оқу жылында білім беру сапасы 67,2%–. құрады (2023 жылы-65,8%). Биыл мектепті бітірген 14 мың түлектің 1206-сы үздік аттестат алды, 946 бала "Алтын белгі" иегері атанды, – деп атап өтті өңір басшысы.
"Еңбекшіқазақ ауданының №1"Рахат" орта мектебінен Абдухамит Нұрислам - республикадағы ауыл олимпиадасындағы жалғыз абсолютті жеңімпаз; "Білім-инновация" лицейінен Халел Муслим; Талғар ауданының Гагарин атындағы №8 лицейінен Алексанова Ангелина; "Арыстан" лицейінен Әбдікеш Мирас; Койшиман Айзере Қонаев қаласының мектеп-гимназиясынан; Іле ауданының №38 гимназиясының оқушылары – Бекмұхамет Айша мен Фурсова Милана. Олардың таланты мен тұрақты жетістіктері барлық қатысушылар үшін мақтаныш пен таңданудың объектісіне айналды", - деп атап өтті Марат Сұлтанғазиев.
Салтанатты жиында жүлдегерлерге Алматы облысы әкімінің атынан алғыс хаттар табысталды.
Іс – шара оқу жылын қорытындылап қана қоймай, жетістіктерді атап өтті, сонымен қатар талантты балаларды-еліміздің болашағын қолдаудың маңыздылығын еске салды.
Пікір қалдыру