Ақын Есенқұл Жақыпбектің туғанына 60 жыл

/uploads/thumbnail/20170708151208883_small.jpg

Ақын Есенқұл Жақыпбек 1954 жылы 10 ақпанда Алматы облысы, Жамбыл ауданындағы Бірлік ауылында дүниеге келген. 1974 жылдың тамыз айынан аудандық газет редакциясында қызмет етті. Қазақ мемлекеттік университетінің журналистка факультетінін бітірген. Алматы облысы, Жамбыл ауданындағы өнер мектебінде айтыс ақындарына дәріс берді. Қазақстан Жазушылар одағы Алматы облыстық бөлімшесі поэзия секторының меңгерушісі болып, жауапты жұмыстарды атқарды. Соңғы жылдары Жамбыл аудандық «Атамекен» газетінің бас редакторы болып қызмет етті. «Бастау», «Ағымнан жарыламын», «Біз екеуіміз», «Жеріңе табын», «Біздің елдің жігіттері», «Есіл дүние-ай!», «Жан қисса», «Бұл жазда өтер», «Тау басында кәрі қар», «Сарғайған сары терезе» атты кітаптары жарық көрген. Есенқұл Жақыпбек телевизиялық ақындар айтысының тұңғыш лауреаты атанған болатын. Айтыс сахнасында 30 жылдай еңбек еткен. Халық арасында кең таралған ән-термелердің авторы. Белгілі қаламгер, ақын Есенқұл Жақыпбек 60 жасқа қараған шағында 2013 жылы 14 қарашада дүниеден өткен болатын. Бүгін Алматыда ақынды еске алуға арналған «Менен де өтті осы өмір . . .» атты кеш өтеді. Шараға Қазақстанның халық артисі Тұңғышбай Жаманқұлов, ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері Бекжан Тұрыс, Ақан Әбдуәлі, әнші Саят Медеуов, әнші-сазгерлер Жәкен Омаров, Роза Әлқожа, Ләззат Жанаманова және басқа белгілі өнер шеберлері қатысады. Кешті мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты, ақын Жанарбек Әшімжан жүргізеді.

"БАҚ.kz"

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар