Соңғы кездері «Қолдан жаңбыр жауғызды» деген Алтай Айнабектің әрекеті желіде қызу талқыға түсті. Біреулер мұны шоу десе, енді бірі ғалымдарымызды қолдау қажеттігін айтады. Осы ретте оның Үкіметтен 39 миллиард теңге сұрағаны туралы да ақпарат тарады. Бүгін Үкімет отырысынан кейін Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов осы сұраққа жауап берді.
«Алтай Айнабектің ұсынысынан хабарымыз бар. Біз бұл жағдайды бірнеше рет зерттедік. Тіпті шетелден арнайы мамандар да келген. Алайда бұл технологияның екінші жағы да бар екенін ескерейік. Мәселен экология. Бір жерге жаңбыр көп жауса, келесі бір жерге жаумауы мүмкін. Бұл – зиян. Сондықтан бұл зерттеуді қажет етеді», – деді Азат Сұлтанов.
Айта кетейік, бұған дейін желіде журналист Дәнеш Байболатов «Аралды құтқарамын» деген Алтайдың сөзі сылдыр суға ұқсайды» деген пост жаған болатын.
Пікір қалдыру